Егер Сіздің автокөлігіңіз 2022 жылдың қаңтар айында вандализм актілері барысында зақымданған болса, онда Сіз келесі қалалардағы Hyundai ресми дилерлік орталығына жүгіну арқылы сервистік қызметтерге 50% жеңілдік ала аласыз:
- Алматы;
- Нұр-Сұлтан;
- Талдықорған;
- Қызылорда;
- Шымкент;
- Атырау;
- Тараз.
Автокөлік келесі өлшемдерге сәйкес келуі керек:
- Автокөлік ҚР-дағы Hyundai ресми Дилерінен сатып алынған;
- Техпаспорт бойынша автокөлік иесі – жеке тұлға;
- Дилерлік орталыққа жүгінген тұлға – техпаспорт бойынша автокөлік иесі.
Қосымша ақпарат алу үшін 7007 нөміріне немесе жоғарыда аталған қалалардағы ресми HYUNDAI дилеріне хабарласыңыз.
Сіздерге деген қамқорлықпен,
Hyundai Auto Kazakhstan.